1.04.2016, 16:45
Оқылды: 34

Күн тәртібінде екі мәселе

????????????????????????????????????

   Жәнібек аудандық  әйелдер істері  және отбасылық-демографиялық  саясат жөніндегі комиссия отырысы оздырылып, оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдарбек Жұманиязов  төрағалық етті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

       Жиында Айдарбек Жұманиязов «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік тендік Стратегиясының іске асырылуын ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі 2016 жылға арналған медиа-жоспарды бекіту»  бойынша баяндама жасады.


       Одан соң  «Патронаттық тәрбиелеу және бала асырап алу практикасын кеңейту мақсатында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Гүлфия Сатаева хабарлама жасап,  2015 жылы ауданымызда аталмыш тақырып аясында атқарылған істер жайын тілге тиек етті.

       Отырыс барысында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мұратқали  Ғазезов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қошанова және аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция бастығы Ернар Сұлтанғалиев өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып, көпке ой салар мәселелер тиегін ағытты.

        Жиынды қорытындылаған Айдарбек Қаберұлы комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап беріп, алда атқарылатын жұмыстарда белсенлік таныту керектігін баса айтты.

www.zhaikpress.kz

  А.ҚАРШЕКЕ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале