19.09.2016, 17:59
Оқылды: 31

Кәрістердің көрнекі мерекесі

????????????????????????????????????

   Облыстық Достық үйі алаңында аймағымыздағы кәріс ұлтының өкілдері өздерінің ұлттық мерекесі - Чхусокты кең көлемде атап өтті.

   Соңғы жылдары бұл мерекені дәстүрлі түрде тойлауды әдетке айналдырған облыстық кәріс халқы этномәдени орталығы ежелден келе жатқан отбасылық мейрамды бұл жолы ерекше көңіл-күймен тойлады.


  Чусок – кәрістер үшін шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылды тойлаудан кейінгі маңыздылығы жағынан екінші мейрам. Айтулы күнді орақ мерекесі санайтын кәрістер осы күні өздерінің бақилық болған ата-аналарын еске алады. Бейіт маңын тазартып, еске алу үстелін жасап, қабір басына егін орағының ең үздік сыйларын қояды. Еске алу шаралары өткеннен кейін, мереке отбасы ортасында жалғасын табады.

   Облысымызда өмір сүретін түрлі ұлт өкілдері жиналған Достық үйінің ауласында кәрістер ұлттық өнерлерін көрсетіп, көпшілікке ұлттық тағамдарын ұсынды. Мерекеге жиналғандарды Батыс Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, кәріс халқы этномәдени орталығының төрағасы Максим Пак, шешен-ингуш қоғамдық бірлестігі жетекшісі Данильбек Саратов құттықтады.

   Жиналғандарға тамаша көңіл күй сыйлаған ұлттық мереке концерттік бағдарламаға ұласты.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале