11.04.2016, 18:36
Оқылды: 16

Кәсіпкерлерге нақты қолдау

 Shingirlau kasipker      Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімдігінде аудан кәсіпкерлерімен көктемгі далалық жұмыстар хақында, жер пайдалану мәселелері, мал басына жүргізілетін ветеринариялық шаралар, мал тұқымын асылдандыру мен үкімет немесе жергілікті бюджет тарапынан бөлінетін субсидиялар мен статистикалық есеп берудегі нақтылықтар жөнінде жиын өтті.


   Жиынды аудан әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов жүргізіп, пайдаланылмағаны үшін қайтарылған жерлерді және жалдап алынған жерлерді әрі қарай жекеге сатып алу жөнінде, оған бүгінгі таңда қарастырылып отырылған жеңілдіктер, кәсіпкер иелігіндегі жайылымдық және егістік жерлерді трансформациялау мәселелері, сондай-ақ, кәсіпкерліктің құжаттар мәселесіндегі нақтылық пен сауаттылық, есеп берудегі сәйкестіктің сақталуы, технопаркті жаңартуға берілетін лизингтік несиелер, қолдағы техниканың техникалық байқаудан уақтылы және сапалы өтуі туралы айтылды.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале