24.07.2015, 19:43
Оқылды: 26

Кәсіпкерлер кеңеске қатысты

Tasakala kasipkerler keneske katisti    Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен  дөңгелек үстел өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен Тасқала ауылдық округінің әкімі С.Өтемісова, сондай-ақ,  бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер мен мекеме, ұйым басшылары қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызының  жетекшілігімен өткен аталмыш жиында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  бас маманы Ш.Саратаев «Мүмкіндігі шектеулі жандардың» әлеуметтік инфрақұрылым ғимараттарға қолжетімдігін қалыптастыру тақырыбында  баяндама оқыса, аудандық әділет басқармасының бас маманы Л.Беккалиева «Заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы ҚР заңнамасын» түсіндірді.

Кеңеске қатысқан кәсіпкерлер осы мәселелер жөнінде өз пікірлерін білдіріп, ойларын ашық айтты. Сала мамандарына көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Кәсіпкерлер мұндай жиындарды жиі өткізіп тұруға кеңес берді.

www.zhaikpress.kz

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале