11.09.2015, 19:50
Оқылды: 19

Кәсіпкерлер құқығын қоғау керек

Kasipkerler kykigin korgau   Облыстық кәсіпкер палатасында кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов қатысты.

Жиынды ашқан аталмыш кеңестің төрағасы Қайдар Қапановтың айтуынша, бұл орган тұрақты түрде өңірдегі кәсіпкерлердің құқығын қорғап келеді.

Өз кезегінде сөз алған Орал қаласының прокуроры Айдын Рашидов прокуратура органдары облыстық кәсіпкерлер палатасымен тығыз байланыста екендерін жеткізді. Ол алдағы уақытта палатада меморгандар басшыларының кәсіпкерлерді қабылдау шарасын жүзеге асыру жөнінде ұсыныс айтты.

Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Валентина Гаршина кейбір мемлекеттік органдардың бизнес субъектілерінің мүдделерін шектеу деректеріне тоқталды.

Жиынды қорытындылаған Игорь Стексов аталмыш кеңес алдағы уақытта мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің құқығын аяқасты етпеудің алдын алу бағытында жұмыстану қажеттілігін атап өтті.

www.zhaikpress.kz

Сәкен Әбілхалықов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале