15.06.2015, 17:38
Оқылды: 17

Кәсіпкерлікке нық беталыстарын байқатты

Bokei00001  «Жұмыспен қамту – 2020. Жол картасы» бағдарламасының екінші бағытында ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту үшін жұмыссыздарға несие қаржы беріп, көмектесу қаралған. Бұл несие қаржыға арыз берушілер жұмыспен қамту орындары мен округ әкімшілігінің бірлескен талқылауынан кейін Бөкей ордасы аудандық комиссияға ұсынылады.

Бөкей ордасында жақында оздырылған осы комиссияның отырысында отызға тарта адамның 30 млн. теңгеден астам қаржыға қолы жетті. Олардың ұсынған жобалары да сан қилы. Мысалы, мұратсайлық Гүлмира Қапанова құс өсіруді қолға алмақ болса, ордалық Әділгерей Айтжанов «пено блок», Рахметолла Ғұмаров «профлист», Қанат Хасанов «тері өңдеу», Тілекқабыл Минажев «ағаш өңдеу» цехтарын ашпақшы. Ал, бөрлілік Баян Мұратова жүн жуу, түту аппаратын сатып алуды, саралжындық Марс Өмірханов, бөрлілік Сандуғаш Оразова балалардың ойын-сауық орталығын жасақтауды жоспарлапты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале