17.07.2015, 14:09
Оқылды: 19

Кәсіпкерлікке қолдау бар

Karatobe kasipkerlikke koldau bar    Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиевтің төрағалығымен кәсіпкерлікті дамыту мәселесі турасында жиын оздырылды.

Жиналысқа қатысып, сөз сөйлеген аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов, БҚО кәсіпкерлік палатасының Қаратөбе аудандық филиалының директоры Рысты Тойшыбаева жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалығы жетекшілеріне жасалынып жатқан мемлекеттік қолдаулардың тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым бағыттарына тоқталған сала басшылары қатысушыларға келелі ой тастады.

Аталмыш бағдарламаның моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау; экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау; кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету; кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын көрсету бағыттары бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале