8.10.2015, 10:02
Оқылды: 17

Кәсіпкерлікті өрістетудің мүмкіндіктері толық пайдаланылып отыр ма?

Kasipkerlikti oristetudun mymkindikteri  Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов жеке кәсіпкерлер және ЖШС жетекшілерін шақыра отырып өткізген кеңесте осы жайында әңгімеленді. Ол өз сөзінде мемлекет тарапынан қолдауды ұтымды пайдалану, инвистиция тарту басты бір міндет болып табылатынын ерекше баяндады.

Осында аудандық кәсіпкерік бөлімінің басшысы Дүйсенбай Қарабалин өз хабарламасында келтіргендей, жылдың басында аудан бойынша салада 1586 субьекті тіркелуде болды. Яғни, өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 46 бірлікке өсті. Биыл жаңадан 97 жеке кәсіпкер, 59 шаруа қожалығы кірістер басқармасында тіркеліп, өз жұмыстарын бастады. Жалпы шағын кәсіпкерлік саласында еңбекпен қамтылған адамдардың ішінде: 1612-сі ауыл шаруашылығында, 200 адам құрылыста, 99-ы көлікпен тасымалдауда, 693-і саудада, 276-сы қоғамдық тамақтандыруда, т.с.с.

Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша 3 млрд. 421 млн. теңгенің өнімі өндірілді және қызметі көрсетілді, бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 21 %-ға артты. 8 айда 399 жаңа жұмыс орны ашылды.

Аудан бойынша 102 жеке кәсіпкер және 16 шаруа қожалығы өз жұмысын тоқтатты. Мұның себептерін саралап, жіті анықтау қажеттігін талқылау барысында аудан басшысы қаперге салды.

Басқосуды қорытындылай келіп, Ә.Т.Жоламанов мемлекет тарапынан берілетін қаржылай және басқа да жеңілдіктерді пайдалану үшін уақыттан ұтылмаудан, мүмкіндікті уыстан шығарып алмаудың маңыздылығын еске салды. Ол тиісті ұйым, қызметтерден білікті жәрдем болатынына сенімін білдірді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале