8.04.2016, 11:30
Оқылды: 30

Көрерменге ой салған қойылым

????????????????????????????????????

     Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай  Сырым аудандық мәдени демалыс орталығының жанынан құрылған Жымпиты халық театрының ұйымдастыруымен Бек Рамазанның  «Шырмауық» атты  2 перделі әлеуметтік драмасы сахналанды.

     Бүгінгі қоғамдағы басты мәселенің бірі діни теріс ағымдарға жастарымыз бет бұрып, ата-анасын тастап шетел асып,  теріс пиғылды жат дінді оқып, оны бұрмалап, елге келіп насихаттауы бағыттында көрініс тапты.


    Қойылымның желісі бойынша Италияға білім алуға кеткен ұлын зарыға күткен ата-ана балаларын дастарқан жайып достарымен күтіп алуда. Зарыға күткен балдары достарымен тура жолдан тайқып, шет елден үйренген жат діни ағымды ұстанып сақал өсіріп, шолақ шалбар киген ұлдарын көрген ата- анасының қуанышы көпке ұзамады. Ата-анасының салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында  айтқан кеңестерге құлақ аспаған, әкесі шарасыздан құқық қорғау органдарының  көмегіне  жүгінеді.  Арнайы келген сала қызметкерлері тиісті жазасын беріп, дін өкілімен жүздестіріп қандай жолды ұстанып жүргенін түсіндіріп, дәстүрлі дін мен жат ағымның аражігін ажырата жеткізе білді. Өзінің қателігін  түсінген баласы  ата-анасынан кешірім сұрады.

    Ұжым қызметкерлері өз рөлдерін жақсы сомдай білді. Басты рөлдерде адасқан баланың бейнесін Нұрсұлтан Қалешов, ата-ананың рөлінде Қайрат Илашев пен Алма Жұма жақсы ойнап шықты. Дін турасында  кеңес берген дін танушы Жоламан Еркін  өз шеберлігімен көзге түсті. Драма режиссері Қайрат Илашев.

      Зал толы көрермен іс сапармен келген көрші ауданның өнерлеріне қошемет көрсетіп, ризашылықтарын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале