11.11.2015, 15:15
Оқылды: 24

Малды асылдандыруды мақсат қылып отыр

Janibek maldi asildandirudu maksat kilip    Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылының тұрғыны Нұрлан Шарафутдинов  бағдарламаның екінші бағытына сай биыл 1 млн. 100 мың теңге несие алып, оған өзінің бизнес жоспары бойынша  5 жылқы мен 5 қой саудалаған. Оның мекенжайына жақындағанымызда Нұрлан бір жылқысын сойып, етін Оралдағы «Ел ырысы» жәрмеңкесіне жөнелтпек болып, автокөлікке тиеп жатыр екен. Өзінің айтуынша жылқыны етті бағытқа айналдыруды мақсат қылып қойып отыр. Кәсіпкер ұзақ жылдар Жақсыбай ауылында автокөлік жүргізуші болып жұмыс істеген. Бертін келе өз-өзін қамтушы ретінде тұрғындардан ет алып, Орал, Атырау қалаларына тасып, отбасын асырапты. Ол «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 2011 жылы да 500 мың теңге несие алған. Несиеге екі жылқы сатып алып, оларды өсіріп, көбейткен. Қарызды былтыр толығымен қайтарып, биыл тағы да несие алып, кәсібін жандандыруда. тұрғындардан ет алып, Орал, Атырау қалаларына тасып, отбасын асырапты.  нелтпек болып, автокөлікке тиеп жатыр екен. етін Оралдағы "

www.zhaikpress.kz

                             Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале