24.11.2015, 19:10
Оқылды: 21

Мал басын көбейтпекші

 Zelenov mal  Бүгінде Зеленов ауданында мемлекеттік бағдарламаның шапағатын  көріп, шаруашылығын шалқытқан  жандар   жетерлік.


Тиімді бағдарламаның мүмкіндігін пайдаланып, шаруасын дөңгелетіп отырғандардың бірі - өркендік  Жасталап Шәйекенов.

Ол алғашында қолында бар ірі қарамен 2006 жылы «Жұмақай» шаруа қожалығын құрып, кейін «Сыбаға» бағдарламасымен несие алып, мал басын көбейткен. Ал, биыл «Құлан» бағдарламасы аясында 10 млн. теңгеге 47 жылқы алған.

Болашақта шаруа қожалық иесі «Құлан» бойынша алған несиесін қайтарып, тағы да «Сыбағадан» қомақты қаржыға қол жеткізіп, ірі қараның санын көбейтпекші.

www.zhaikpress.kz

Динара Беріш

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале