6.08.2015, 17:44
Оқылды: 16

Мақсаты айқын Мақсот

Terekti kasipker   Мемлекеттен қолдау мықты болғандықтан қазіргі уақытта кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Оған дәлел өз кәсібін ашамын деушілердің саны күрт өскенінде болып тұр.

Екі қолға бір күрек тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкердің бірі- Мақсот Қабиев. Подстепное селолық округіндегі «Гүлім» баспаханасының  басшысы. Мақсоттың негізгі жұмысы түрлі кітапшалар, буклеттер шығару. Тынымсыз жұмыстан ләззат алатын кейіпкер өзінің мақсатын баяғыда айқындап алған.  Яғни, іші де, сырты да бүтін, көрер көзге тартымды, көңілге қонымды дүниелер жасап, халық игілігіне ұсыну.

Осы мақсатты бағыт етіп алған Мақсот ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 2 млн.400 мың көлемінде несие алған. Сол қаржыға керек жабдықтарды түгелдей сатып алған ол, жұмысын бастап та кетті.

Қазір оған тек аудан көлемінде емес, облыс деңгейінде де тапсырыстар  көптеп түсуде.

-Қазір Орал қаласынан түскен тапсырыспен жұмыстанудамыз. Жұмыс өте көп. Тіпті, бос уақытымыз мүлдем тапшы деуге болады. Әрине, бұл бізді қатты қуантады. Мемлекеттен алған көмектің әсері оң болып тұр. Енді баспаханамызды үлкейтіп, жұмыс қарқынын да арттырсақ деген жоспар тұр алда. Мақсатымыз айқын болғандықтан жұмысымыз да алға басуда, -дейді жас кәсіпкер.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале