7.07.2016, 17:32
Оқылды: 24

Мегажоба мәреге жетті

Taskala megajoba marege jettiАудандық мәдени-демалыс орталығында Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауылдық округтер арасында өткен  «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының гала-концерті өтті.


 

Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, Қазақстан ауылдық округінің әкімі Ә.Тәшімов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріков қатысты.

Сахна шымылдығын алғаш болып «Айым», «Инабат» бишілер тобы ашты.

Мұнан соң әр ауылдық округтен келген көркемөнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, көрерменді тәнті етті.

Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызыізгі тілегін арнап, барлық ауылдық округтің көркемөнерпаздарына   алғыс хат табыстады.

www.zhaikpress.kz

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале