3.03.2016, 10:22
Оқылды: 32

Медиация – дауды шешуде, ең тиімді тәсіл

????????????????????????????????????

2 наурыз күні Жалпақтал ауылдық округінің мәжіліс залында медиация мәселесіне арналған кездесу болып өтті. Бұл кездесуге №2 Қазталов аудандық сотының төрағасы Азамат Жұмаұлы, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіби емес медиаторлар қатысты.


Ақсақалдардың бір ауыз сөзіне тоқтаған, қанша дау болса да пәтуәлі пікірді сыйлаған бабаларымыздың тектілігіне таңғалуға болады. Елінің жамандығын жасырып, жақсылығын асырған сол ғұрыптың арқасында тентекті тезге салу аса қиындық тудырмаған. Сол әдемі заңдылықтың, ауызша құқықтық құжаттың көмегімен – ақ елдегі тәртіптің сақталғаны бүгінде аңызға бергісіз ақиқат. Ал келіспегендерді бітіргершілікке келтіріп, дауды ұзаққа созбай шешудің кілтін тапқан билердің тәжірибесі кейінгі ұрпаққа үлкен сабақ, медиацияны енгізуге өмірлік тәжірибе себеп болғаны айқын. Осындай ата-бабамыздан келе жатқан құқықтық нормалардың жалғасы іспеттес «Медиация туралы» заң қабылданған болатын.

-Медиация  азаматтық – құқықтық, соның ішінде, кәсіпкерлік  немесе өзге экономикалық  қызыметтер,  еңбек және  отбасылық  құқықтық  қатынастардан  туындайтын  талас – тартыстар, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын жеке құқықтық қатынастардан, сондай – ақ, жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша қылмыстық – құқықтық салада туындайтын талас – тартыстарды шешуде қолданылады,-дейді сот төрағасы Азамат Жұмаұлы. Өз кезегінде сөз алған кәсіби емес медиатор Ғилым Шәріпұлы:

 –Медиация дегеніміз – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі, – деді ол, – Дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету медиация мақсаттары болып табылады.

Осы кездесуде әртүрлі ұсыныс-пікірлер кәсіпқой емес медиаторлардың санын көбейту секілді мәселелер де сөз болды. Кездесу соңында кәсіби емес медиатор Ғилым Едекешев қабылдау жұмыстарын жүргізді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

 Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале