27.07.2015, 19:49
Оқылды: 24

Мекемеде – жаңа басшы

Janibek jana tagayindau Жәнібек ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімдері, ветеринариялық станса басшы-қызметкерлерінің, аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Жиынды ашқан аудан әкімі Мұрат Мұқаев өзінің 2015 жылғы 27 шілдедегі №81-ө өкімімен Роберт Ғаллемұлы Биғалиевтің  аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғандығын жеткізді және өмірбаянымен таныстырды.

Еңбек жолын 1990 жылы  «Жәнібек» совхозында жұмысшы болып бастаған. 1999 жылы «Өркен» өндірістік кәсіпорнында ветеринариялық санитар, Жәнібек аудандық ветеринарлық қадағалау бөлімінде Жақсыбай ауылдық мемлекеттік мал инспекторы қызметтерін атқарған. 1999-2006 жылдар аралығында «Мал дәрігерлік жәрдем» мемлекеттік қазыналық мекемесінде Жақсыбай ауылдық округі бойынша ветеринариялық инспектор, 2006-2007 жылдары «Жәнібек ветсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал дәрігері, 2007-2013 жылдар аралығында Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарып келді. 2013 жылғы 12 тамыздан бастап Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланып, аталған лауазымды атқарды.

Отбасылы, 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.

-Роберт Биғалиевтің тәжірибесі мол. Сегіз жылда Күйгенкөл ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық  деңгейі  жақсы дамып келеді. Аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі -  күрделі бөлім, сұраныс көп, жауапкершілік күшті. Жаңа қызметіңмен құттықтаймын және болашақ  еңбегіңе табыс тілеймін. Ұжым облыста алдыңғы қатарда келеді. Осы бағыттан таймай, жұмылған жұдырықтай болып,  бірге жұмыс атқару керек,- деді Мұрат Рахметұлы сөзінің соңында.

www.zhaikpress.kz

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале