3.06.2016, 17:38
Оқылды: 25

Мемлекеттік рәміздерге құрмет - әр азаматтың парызы

UVD Ramizder kyni   Мемлекеттік рәміздер - елдің тәуелсіздігін паш ететін басты символикалық белгілер.


   1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн. Сол күні тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітілді. Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсысында мемлекетілігінің белгісі - рәміздері. Терминнің дұрыс пайдаланылуына байланысты 2007 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде «нышандар» деген сөз «рәміздерге» ауыстырылды. Ал 2005 жылы еліміздің қазіргі Гимні қабылданды. Осының бәрі - Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның қасиеттілігі сол, Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңселі азаматтары қалыптасады.IMG_7913

   Бүгін Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің мәжіліс залында мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті. Шараның мақсаты – қызметкерлерді идеологиялық тұрғыда тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды құрмет тұтуға шақыру және елдігіміз бен бірлігімізді насихаттау. Шараға ІІД орталық аппаратының жеке құрамы және жас полиция қызметкерлері қатысты.

         Салтанатты шараның тұсаукесер рәсімінде БҚО ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Берік Өтеулин жиналған жеке құрамды осынау елеулі күнмен құттықтап, алғысөз сөйледі.

    Шараға Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Азат Қабиев, аталмыш музейдің бөлім жетекшісі Гаухар Есенғалиева қатысып, қатысушыларды облыстық музей экспонаттарымен таныстырып, мемлекеттік рәміздердің шығу тарихына, олардың қолдану аясы тоқталып өтті.

        Кейін шараға қатысушыларға «Мемлекеттік рәміздер» атты хроникалық-деректі фильмі көрсетілді. Тәуелсіздігімізді паш ететін Отанымыздың Туы, Елтаңбасы, Әнұраны жөнінде жеке-жеке айтылып, рәміздердің қабылдауына себеп болған ұлттық таным мен олардағы салт-дәстүрлік ерекшеліктерге жан-жақты түсінік берілді.

     Асылай Ғұбашева

БҚО ІІД баспасөз қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале