10.03.2016, 15:44
Оқылды: 41

Мемлекеттік қызметкер әдеп қағидатын сақтау керек

 100-nakti-kadam      Елімізде 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жүзеге асырылуда.


      Жаңа реформаларды одан  әрі жүргізу үшін өткен жылы көптеген заңдар шығарылды, олардың көпшілігі 2016 жылдың 1 – қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.  Өткен жылдың соңында қабылданған, нақтырақ айтсақ Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қағидалары).

      Жаңа кодекс бойынша көптеген нақты талаптар қойылған. Кодексте «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады» деп басталады, ендеше мемлекеттік қызметке келген әр адам осы сенім деңгейінен көріне білу керек. Мәселен, осы кодекстің 5 – тармағының 7) тармақшасына және  7 тармағы 1,2) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қызметкер өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, жалпы қабылданған моралдық-әдептілік нормаларын ұстауға және қарапайым болу керектігі айтылған.

       Алайда, «мемлекеттік қызметкер» мәртебесіне қаяу түсіретін жәйттармен ғаламтор арқылы әр түрлі әлеуметтік желілерде жағымсыз әрекеттерімен фото суреттер,  видеолар жариялау сияқты әрекеттер көрініп қойып жатады, мұндай әрекеттерге алдағы уақытта  жаңа кодексте мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын сақтау керектігі туралы айтылған тармақтарына сәйкес, жауап беретін болады.

       Өзім 30 жылдай мемлекеттік қызметте болғандықтан мұндай қағидатты қатаң сақтау керектігін жете түсінемін, әсіресе мемлекеттік қызметке жаңадан келген жастарымыз осы  қағидатты қатаң сақтаса еліміздің одан әрі  өркендеуіне өз үлесін қосатыны сөзсіз.

      Айта кететін жай, кодекстің 10 тармағының 2 – тармақшасында  өздеріне мәлім болған «қызметтік әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар туралы басшылыққа және әдеп жөніндегі уәкілге дереу хабарлауға болады» делінген.

        Енді «әдеп жөніндегі уәкіл» кім. Жоғарыда көрсетілген осы кодекстің қабылдану барысында «әдеп жөніндегі» уәкіл туралы ережеде бекітілді.

Ендеше ол қандай уәкіл, ереженің 1 – тармағында «әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шенінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға  консультация беретін мемлекеттік қызметші»  деп көрсетілген.

        Алдағы уақытта мемлекеттік қызметке келген әр адам кодекске сәйкес мемлекет алдында, қоғам алдындағы жауапкершілігі жоғары болу керектігін қажет етеді.

        Мемлекеттік қызметкер болу үшін әр адам білімді, кәсіби маман болумен қатар өз отанының патриоты, ел үшін еңбек ететін адам болу керек.

       Кодексте айтылғандай «Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс» болуы керек.

www.zhaikpress.kz

Жаңақала ауданы

Ф.Х.Аманғалиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале