22.06.2016, 10:00
Оқылды: 31

Мемлекеттік қызмет – елге қызмет

 

Syrym gosslujba23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай  «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстанымым» тақырыбында Сырым ауданы әкімінің аппарат басшысы Ерлан Сәрсеновтың төрағалық етуімен дөңгелек үстел өтті. Оған аудан әкімі аппаратының және аудандық дербес бөлімдердің жауапты қызметкерлері қатысты.


 

Дөңгелек үстел барысында  «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер, мемлекеттік қызметшіні бағалау, карьералық өсім, мемлекеттік қызметшінің позитивтік имиджін нығайту, ынталандыру, кадр дайындау, олардың жұмыстарын баспасөз беттері арқылы халыққа көрсету туралы ашық пікірлер айтылды.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале