2.12.2015, 11:05
Оқылды: 17

Мерейлі мереке құрметіне

Akjayik voleibol  Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта Тұңғыш Президент күніне орай волейболдан ерлер арасында дәстүрлі жарыс өтті.

Бұл спорт мерекесіне жиналған қалың жұртты аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтады.


 

15 ауылдан және аудан әкімі аппараты мен «Жігер» спорт клубының ойыншылары қатысқан бұл бәсекелерде финалда базаршоландықтарды ұтқан Тайпақ ауылдық округінің командасы бас жүлдеге ие болды. Жекелей ерекшеленген ойыншыларға аталымдар тапсырылды. Волейболды тұрақты түрде өркендетудің өнегесін көрсетіп келе жатқан Алмалы ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, шәкірттерінің қатары қалың Асқарбек Құспановқа «Ақжайық» шипажайына жолдама табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале