27.07.2015, 19:34
Оқылды: 38

«Мерей» қызметкерлерінің ауылдарға сапары

Assambleia logotip    Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының мән-маңызын ашуға арналып, Ақжайық аудандық «Мерей» мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері Алғабас, Бударин, Жамбыл, Сарытоғай және Алмалы ауылдық округтерінде, сондай-ақ Тайпақ ауылдық округінің Шабдаржап, Томпақ елдімекендерінде сапарда болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында зұлым жаумен шайқастағы халық бірлігінің, елжандылығының шешуші рөл атқарғаны, Қазақ хандығының 550 жылдығы. Ата Заңымыздың 20 жылдығы еліміздің тыныс-тірлігіне серпіліс әкеліп отырғаны, ҚХА-ның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани өркендеуіміздегі орны, «Ұлт жоспары – нақты 100 қадам» жайында тұрғындарға кеңінен әңгімеледі. Ән, саз, қойылымдар осыны байыта түсті. Драмалық көріністердегі Ана бейнесі (рөлде Күлім Ғұмарова), «Ақтабан шұбырынды» (Аслан Сапарғалиев, Гүлсая Айтмағанбетова, Шолпан Шүкірғалиева, Венера Нұрғалиева, Самал Сұлтанова, Әлжан Елешов) сонау алмағайып заман суреттерін, «мың өліп, мың тіріліген» қазақтың өмір мен өлім беттескен ауыртпалықта қайралған қайсарлығын баяндады.

«Мерей» қызметкерлерімен бірге Жанама, Шабдаржап, Томпақ ауылдарында бірге болған Қазақстан Ақын-жыршылар одағының мүшесі, Аудандық «МУЗА» шығармашыл оқырмандар отауының мүшесі Сағынтай Бисенғалиев ҚХА жылының жақсылықтары жайында сөз сөйлеп, жырлар оқыды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале