3.12.2015, 11:23
Оқылды: 17

Мерекеге арналған бәсеке

Zelenov merekege arnalgan baseke    Зеленов ауданы орталығындағы мекемелар мен бөлім қызметкерлері волейбол алаңына шықты. Тұңғыш Президент күніне орайластырыла ұйымдастырылған ала доп бәсекесіне қызметкерлерден құралған 7 топ қатысты.


Жеребе бойынша екі топқа бөлінген ұжымдар жартылай финал жолдамаларын сарапқа салды. Тартысқа толы өткен топтық бәсекелерде аудандық ішкі істер бөлімі, аудан әкімдігі, мектеп ұстаздары мен оқушылар командалары үздік оза шапты. Әсіресе, өзінен үлкен ағаларына тартынбай қарсыласқан оқушылардың ойын өрнегі көптің көңілінен шықты. Жартылай финалда оқушылар әкімдік ұжымына жол берсе, ұстаздар командасы ішкі істер қызметкерлеріне ұтылды. Ал жарыс қорытындысына келсек, ІІІ орын ұстаздарға, ІІ орын аудан әкімдігіне ал І орын ішкі істер бөлімінің командасына бұйырды. Сондай-ақ әдемі ойын көрсеткен Ақан Жекеков, Арман Сағидоллин, Есбол Абдолов пен Алтай Қазиев сияқты ойыншыларға арнайы жүлделер табысталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ауыспалы кубок пен мақтау қағаздары тарту етілді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале