2.09.2015, 17:49
Оқылды: 21

Мерекеге қызу дайындық

Kaztalov merekege kizu dayindik  2 қыркүйек күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, Жалпақтал мәдениет үйінде біраз мекеме басшыларымен кездесті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, аудандық мәслихаттық депутаттары, мекеме-бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіне қойылған мәселе ол Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдық мерекесін аудан көлемінде тойлау және дайындық барысы талқыланды. Сонымен қатар той дала қызықтарымен ауыл шетінде тойланадықтықтан айналасын тазалау, шынжыр табандық трактормен күл-қоқыстарын түйіп, жол белгілерін орнату секілді мәселелер сөз етілді. Ауыл ішінен қоғамдық көліктерді ұйымдастыру жайы да айтылды.

-Аламан бәйге өтетін орындарды қарап, ұлттық және спорттық ойындарды ұйымдастыруымыз керек. Сауда-саттық орындарын, жедел-жәрдем қызметін ұйымдастырып, қоғамдық тәртіпті қадағалау қажет,-деді аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова. Дала қызықтарында 11 киіз үй тігіліп, М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театрының режиссері Нұрлан Шаканаев Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесіне арналған қойылымның сценариімен таныстырды.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Нұрлан Мағазұлы мерекелік іс-шаралар үшін жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі жоғары деңгейде тойлануы тиіс,-деді.

Мұнан кейін аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр дала қызықтары өтетін орындарды аралап көрді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале