2.12.2015, 17:43
Оқылды: 26

Мереке ИЗТІЛЕУОВ, «Нұр Отан» партиясы Бөрлі аудандық филиалы төрағасының бірінші орыбасары:

Borli bereke   -Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын үлкен ықыласпен тыңдадық. Елбасы қазіргі уақытта әлемде болып жатқан жағдайларға байланысты әр салаға тоқталып,  жаңа инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын атап көрсетті. Жолдауда мемлекет қазынасын үнемдеу қажеттігі баса айтылды. Еліміздегі ауқатты бизнес өкілдерін ел экономикасын өркендетуге үлес қосуға шақырған болатын.


Кәсіпкерлер жекешелендіруге белсенді қатысып, қаражатын заңдастырып, ашық жұмыс істеуі қажеттігін айтты.  «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек» деген мемлекет басшысы осылай болғанда ғана елімізде берекелі тірлік болатынын ашып айтты. Әркім өз еңбегімен күнін көріп, «көрпеге қарай көсілу» жөн екенін еске салды. Жалпы алғанда бұл жолдау дамудың басты бағыттарын айқындап берді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале