31.03.2016, 12:54
Оқылды: 40

Мұстақым Ықсановқа арналған кеш өтті

Janibek mystakim bilali    Жәнібек колледжінде аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ақпаратты-библиография бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жайықты жаңғыртқан дарабоз тұлға» атты әдеби кеш оздырылды. Кешті аталмыш бөлім басшысы Жеміс Бірманова ашып берген соң, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдарбек Жұманиязов сөз алып, осындай шаралардың кейінгі жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне берері мол екендігін атап айтты.


Одан кейінгі кезекте кітапханашы Күләш Биғалиева слайд арқылы Мұстақым Біләлұлының өнегелі өмірі мен ерен еңбек жолына тоқталып өтті. Шараның қонағы, аудандағы қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановпен бірнеше рет жүздесудің сәті түскендігін айтып, естеліктерімен бөлісті. Колледждің кітапханашысы мен студенті Сайран Сәрсенова және Нұргүл Қуанова ақындардың қоғам қайраткері туралы жазған арнау өлеңдерін оқып берді. Ал, Анар Баташева М.Ықсановтың өмір жолынан сыр шертетін кітап көрмесімен көрермендерді таныстырып өтті. Әдеби кешті аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жаннат Мұстафина қорытындылап, өңірімізді өркендетуге еңбегі сіңген жерлесіміз Мұстақым Біләлұлына арналған шаралар мұнымен тоқтамай, жалғасын таба беретіндігін жеткізді.Тағылымы мол шарадан жиналған жұртшылық рухани ләззат алды.

www.zhaikpress.kz

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале