5.09.2016, 14:05
Оқылды: 17

Мұхтар Құл-Мұхаммед «Арман» шағынауданында болды  

 

Arman domБатыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед мемлекеттік бағдарлама бойынша бой көтерген тұрғын үй құрылысын көріп, сапасын тексерді. 


 

Мұхтар Құл-Мұхаммед  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа құрылыс алаңына айналған «Арман» шағынауданында болды. Ондағы жақын арада пайдалануға берілуі тиіс 144 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын көріп, сапасын тексерді. Үй құрылысы өткен жылы қазан айында басталған, биыл осы айдың аяғында тапсырылуы тиіс. Қазір құрылыста 200 адам еңбек етуде.

Arman dom (1)«Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша биылдың өзінде 770 млрд. теңге қаражат бөлінді. Соның 26 млрд. теңгесі Батыс Қазақстан облысында игерілуде. Бұл жаңадан салынып жатқан өндірістер, жаңа зауыттар, фабрикалар, үлкен құрылыс алаңдары. Мына салынып жатқан бес үй «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынуда. «Нұрлы жол» бағдарламасының ел экономикасын дамытуға қосып отырған үлесі өте зор. Әлемдегі экономикасы мықты елдердің өзін жаһандық дағдарыс шарпып отырған кезде Елбасының жыл сайын Қазақстан экономикасына бір бағдарлама бойынша 700 млрд.-тан триллионға дейін қаражат бөліп,  елімізді үлкен құрылыс алаңына айналдыруы - үлкен нәтиже, Батыс Қазақстан облысына және жалпы барлық өңірлерге жасап отырған қамқорлығы деп бағалау керек»,  - деді  партия төрағасының бірінші орынбасары.

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале