1.07.2016, 19:24
Оқылды: 24

Мәдениет үйінің құрылысымен жіті танысты

madeniet uiinin kurylysymen tanystyЖәнібек ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин Тау ауылдық округіндегі күрделі жөндеуден өтіп жатқан Мәдениет үйінің құрылысымен танысты.


Аудан басшысы күрделі жөндеу үстіндегі ғимаратты аралап, атқарылған жұмыстарға көз жеткізді. Жеке кәсіпкер Есқайыр Елемесовтың басшылығымен ғимаратты жөндеу жұмысы 23 маусымда басталып кеткен. Қазіргі таңда 18 жұмысшы өз нәпақаларын тауып, жұмысқа білек сыбана кірісіп кеткен. Бәрі де ауыл адамдары. Бұдан басқа тағы да құрылыс саласының мамандары келмек. Мәдениет үйінің құрылысы қыркүйек айының аяғында бітеді деп жоспарлануда.

www.zhaikpress.kz
Арайлым РАШИТҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале