4.10.2016, 11:21
Оқылды: 14

Наргиза Республикалық байқауға жолдама алды

 %d0%bd%d0%b0%d1%80%d0%b3%d0%b8%d0%b7%d0%b0-%d1%80%d0%b5%d1%81%d0%bf%d1%83%d0%b1%d0%bb%d0%b8%d0%ba%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d2%9b%d0%b0%d1%83%d2%93%d0%b0-%d0%b6%d0%be%d0%bb%d0%b4  Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез келген жанға бұйыра бермейді. Сол бойындағы талантын  аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып дамытады. Сондай дарынды да талантты қызымыз Қазталов орта мектебінің 8 сынып оқушысы – Наргиза Мағжанова.


  Наргиза күні кеше ғана 26 қыркүйек күні Қазақстанның эстрада жұлдызы Индира Расылханның ұйымдастыруымен өткен «Дарын - 2016» республикалық байқауында «Қазақ елі», «Отанға ода» әнін орындап, 1 орынды жеңіп алды. Енді Наргиза сіңіліміз қараша айында Астана қаласында өтетін республикалық байқауда бақ сынайтын болады.

 Наргиза сіңілімізге алдағы уақытта өнердің биік шыңдарын бағындырып, түрлі байқауларда жеңістерге жете берсін деген тілегімізді білдіреміз.

 Сонымен қатар тағы бір айта кетеріміз 30 қыркүйек күні  ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған облыстық байқауда Наргиза  ұстаз туралы ән шырқап, 2 орынды иеленді.

Гауһар ӘДІЛЖАН

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале