20.08.2015, 19:41
Оқылды: 17

«Нарықта отандық өнім көбейіп, ресейлік өнімдер азаюы мүмкін»

Аслан ЖакуповБүгінгі БҚО әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен брифингте БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аслан Жақыпов осылай деді.

-Біздің басқарма мамандары өнім өндірушілерге, тасымалдаушыларға телефон шалып, жағдайды тұрақты бақылауда ұстауда. Мәселен, «КазАрмапром» АҚ бізге осы бағам тиімді, Ресейден үлкен сомаға келісімшарт алдық деп отыр. «Стеклосервис» ЖШС-і де бұрын Ресей нарығында болған позицияларын қайтарып алудан үмітті. Желаев нан өнімдері комбинаты, «Кроун батыс», «Агропродукт» ЖШС-і әзірге асығыс қадам жасамай, әліптің артын бағуда. Жалпы, болжам бойынша біздің нарықта отандық өнім көбейіп, ресейлік өнімдер азаюы мүмкін.

www.zhaikpress.kz
Тоқтар Кенжеғалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале