3.11.2015, 21:25
Оқылды: 21

Никита Тюкин «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Nikita tiukin    Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мамыр айында суға батқан екі қызды құтқарған 8-сынып оқушысы Никита Тюкинді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, полковник Замир Бердашев ерлік көрсеткен өренге төтенше жағдайда көрсеткен батылдығы мен табандылығы үшін алғыс айтты.

Айта кетерлігі, 24 мамыр күні жазғы демалыс алдында Никита Тюкин достарымен өзенге шомылуға барған болатын. Зеленов ауданының Достық ауылы, Шаған өзенінің жағалауында ер жетіп, жастайынан суда жүзе білетін бала ата-анасынан сұранып, көптен күткен жазғы мезгілдің басталуын жүрексінбей атап өтуге аттанған.

Жол-жөнекей екі қызды кездестіреді, қыздардың біреуі сыныптасы боп шығады. Таяудағы дүкенде достарын қалдырып, Никита қыздармен әңгіме-дүкен құрып, суға шомылуға бағытталады. Өзен ортасына дейін жүзіп барған үздік су жүзгіш артына қарап жаны түршігеді. Қыздардың бірінің суға шашалып жатқанын көреді. Еш ойланбастан дос қызына көмек көрсетуге ұмтылады. Қарсы жағаға қызды алып шыққанда, тағы бір проблемаға кезігеді. Екінші қыз да суда тырбандап, айқайлап бастағанын қлағы шалады.

Суға батып бара жатқан қызға жеткенде күші таусылған қыз көзге көрінбей кетеді. Алғашында Никита суға сүңгіп, қалың лай судан бірден қызды таба алмайды. Бірнеше нәтижесіз талпыныстардан соң аяғымен қыздың жансыз денесін сезеді. Ол ессіз күйдегі жасөспірім қыздың басын көтеріп, 20 метрге жуық жерге дейін демеп, жағаға алып шығады. Сонымен қатар, зардап шеккен қызға алғашқы көмек жасайды.

Сол себепті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 7-сынып оқушысының ерлігін елеусіз қалдырмауды жөн жанайды. Оған және оның анасына құнды сыйлық табыстайды.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале