21.04.2016, 17:18
Оқылды: 15

Нәсіп көзі кәсіпте

????????????????????????????????????

     Зеленов ауданы орталығында орналасқан «Стрекоза» шаштаразына бүгінде келушілер көп. Жүйелі жұмысы қарқынды жүріп, келушілері күннен күнге артып келетін шаштараз үйінің қожайыны Татьяна Кузнецова.

     -Бұрын қалада сатушы болып жұмыс жасадым. Бір күні өзімді шаштараз ретінде сынап көрдім, ұнады. 2012 жылы несие рәсімдеп шаштараз ашу үшін ғимаратты сатып алдым,- дейді Татьяна Константиновна.


     Ал, жуырда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында несие алуға ниет білдірген кәсіпкердің алға қойған жоспарлары көп.

     Өткен жылы бағдарлама арқылы білімін толықтарған ол, Самара қаласында манекюр жасаудың қыр-сырын үйреніп, арнайы сертификат та алған. Бірақ, әзірше ондай қызметті көрсетуге мүмкіндік жоқ. Ол үшін арнайы орын мінсіз болуы шарт.

     Бағасы да қымбат емес, ерлерге шаш қию – 500, әйелдердікі – 600, балаларға -250, 350 теңге тұрады екен.

www.zhaikpress.kz

Д. ТІЛЕКҚЫЗЫ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале