29.06.2015, 12:00
Оқылды: 50

Облыстық драма театр ұжымы Жаңақалада

Janakala Kazdrama teatri   Қасиетті Рамазан айында Батыс Қазақстан облыстық драма театры іссапармен Жаңақала ауданында болып, театр режиссері Мұқанғали Томановтың  «Жәннат» драмасын қойды.

Батыс Қазақстан дін істері басқармасының тапсырысымен шыққан драма желісі қоғамымызда орын алып жатқан көріністен бір отбасының шаңырағындағы оқиғадан өрбиді. Асқар таудай әкеслерін жоғалтқан қаралы шаңырақтың қайғысын осы үйдің үлкен баласы Сүйініштің жат ағым жетегіне түсуі қоюлата түсті.  Баласы үшін шыр-пыр болған Ана өмірден өтіп бара жатып, тұңғышын тура жолға болмаса да терең ойға салып кете алды. Жат ағым жетегіне темір торға тоғыту мүмкін бұл тайталастан Асан имамда тысқары қала алмады.

Драмадан айта кететін жайт дәстүрлі емес жат ағымның жетегінде жүрген қаракөз бауырлар мен имам арасындағы талас-тартыс, Сүйініштей бауырына жаны ашыған Асандай имамның бейнесі өте ұтымды шығып, қоғамдағы Имам-молда бейнесін жоғары қояды. Қойылымның әсерлі болғаны соншалықты көрермен бір отбасының аянышты халдеріне, қоғамда болып жатқан келеңсіз оқиғаларға куә болғандай көздеріне жас алды.

Аудан тұрғындарына үлкен әсер қалдырған қойылым соңында аудан әкімінің орынбасары Б.Саматов сөз алып: Бұл қойылымды үлкен тебіреніспенен, сезімменен қабылдадым. "Ауруын жасырған өледі" деп атам қазақ айтқандай қоғамдағы болып жатқан түйткілді мәселені дұрыс қозғаған. Қоғамның өзекті мәселесін қозғаған осындай қойылыммен театр ұжымы ауданымызға жиі ат басын бұрып тұрса, - деген өтінішін жеткізген аудан әкімінің орынбасары театр ұжымына тамаша қойылым сәтті шыққанын және әсерлі сомдаған әрбір әртіске алғысын білдірді. Кеш соңында әсерге бөленген көрермендер, ыстық ықыласын дүркін-дүркін қол шапалақтар қошеметтерін білдірді.

Театр ұжымы аудан орталығынан соң, Мәстексай ауылдық округіне аттанып кетті.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале