3.08.2015, 20:31
Оқылды: 32

Облыстық «Орал өңірі» газетінің тілшісі Серік Ыхсанғали мерейлі 60 жасқа толды

Serik aga Jayikpress01   Жақында облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінің әлеуметтік-гуманитарлық бөлімінің тілшісі Серік Ыхсанғали мерейлі 60 жасқа толды.

Мерейлі жасқа толуына орай Серік Ізбасарұлын «Жайық Пресс» ЖШС-нің бас директоры Жантас Набиоллаұлы ұжымның алдында құттықтап, йығына шапан жапты.

Serik aga Jayikpress02

Журналистердің де әр салаға бейімделгені бар. Серік Ізбасарұлы әдебиет пен журналистикадағы жаңашылдығымен, іздемпаздығымен және руханият саласына қатысты салиқалы ой-толғамдарымен ерекшеленетін қарымды қаламгер. Өзгеден тағы ерекше қасиеті редакцияға келген адамның бірден руын сұрап, сол руымен атайды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале