24.06.2015, 20:53
Оқылды: 30

Облыстық семинар жұмысы одан әрі Ащысай ауылдық округінде жалғасты

Sningirlauda shiraili02   Семинар жұмысы Ащысай ауылдық округіндегі «Ғайни» шаруа қожалығында одан әрі жалғасты. Қожалық жетекшісі Жасқайрат Айсиев үстіміздегі жылы мемлекеттің орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі көмегін пайдалана отырып екі жобаны жүзеге асырды. Оның біреуі - жалпы қуаты 20 кВт болатын жел мен күннің қуатын пайдалану, екіншісі - 2,5 мың басқа арналған құс фермасын ашу. Семинарға қатысушылар осынау нысандарды аралап көрді.

Семинар аудандық Мәдениет үйінде жалғасып, жиналғандар алдында Шыңғырлау ауданының әкімі А. Халелов, БҚО бойынша кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы А. Жақыпов, «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директоры Е. Иденов сөз сөйледі.

Облыс әкімі Н. Ноғаев семинар жұмысын қорытындылай келіп, қазір мемлекетіміз шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде баға жетпес шаралар мен көмектерді көрсетуде және олар тиімді пайдаланылуда. Дегенмен әлі де мүмкіндіктер мол, біз оларды пайдалануымыз керек деді.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек  ОРАЗАЕВ

«Орал  өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале