17.11.2015, 18:22
Оқылды: 14

Облысымызда елге белгілі теологтар тұрғындармен кездесулер өткізіп жатыр (ФОТО)

Teologtar01  Ақсай қаласында «Діни тұрақтылық - қоғам қауіпсіздігінің кепілі» деген тақырыпта үш күндік семинар болып, оған өңірдегі барлық имамдар қатысты.

Жиында республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, елге белгілі теологтар, Йемендегі «Саба» университетінің магистранты Арман Қуанышбаев, Египеттегі Әл-Азһар университетін бітірген Бауыржан Қожагелдиев, батысқазақстандық Мұратбек Қыстаубаев және басқалары дәстүрлі дін құндылықтарын сақтау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөнінде өз ой-толғамдарымен бөлісті.  Семинар барысында имамдар теологтарға сауалдарын қойып, жауаптар алды, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері ҚР ҚК 256-бабы (терроризмді насихаттау) бойынша сотталғандардың отбасыларымен кездесіп, кейбір адасып жүрген жандардың дәстүрлі дінге оралуы қажеттігін атап көрсетті. Оған қоса теологтар мектептер басшылары, мұғалімдерімен, дәрігерлермен дөңгелек үстел басында жүздесіп, дәстүрлі емес діни бағытты ұстанатын, баласын ектіруден бас тартқан  ата-аналармен жұмыс төңірегінде пікірлесті.

Мешіттердегі жамағатпен жүздесулер де әсерлі өтті. Мұнда А.Қуанышбаевтың атап өткеніндей, имамдар жан-жақты білімді, үнемі ізденіс үстінде болуы керек.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметовтің айтуынша, қазіргі кезде Арман Қуанышбаев бастаған топ Орал қаласында осындай кездесулер өткізуде. Арман Баймағамбетұлы сондай-ақ 20 қараша күні Оралда өтетін «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 жыл: дін, дәстүр және халық бірлігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады.

Teologtar02

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале