30.03.2016, 10:25
Оқылды: 54

Облысымызда кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартудың фактілері тіркелуде

Jezokshelik    Облысымызда 2015 жылы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында БҚО ІІД-де төмендегідей қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың анықталып, ашылғанын хабарлайды.


   Атап өтсек; заңсыз бас бостандығынан айырылған адамды қанау мақсатында жасалған 1 фактісі, кәмелетке толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға тартудың 2 фактісі, жезөкшелікпен айналысуға тартудың 1 фактісі, жеңгетайлықпен айналысудың 15 фактісі, жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жайлар ұсынудың 1 фактісі анықталған.

     Ал, ағымдағы жылы БҚО ІІД мәліметінше, адам сатудың 1 фактісі, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартудың 2 фактісі, жеңгетайлықпен айналысудың 2 фактісі анықталып ашылған екен.

      Аталған қылмыстар бойынша қазіргі уақытта алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатырғандары да бар.

www.zhaikpress.kz

Әділғазы Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале