21.08.2015, 14:52
Оқылды: 19

Облысымызда Саратов облысы Татищев ауданынан «Хуторской» мұздатылған тартылған күркетауық еті өнімінің өткізілуі тоқтатылды

Kyrketauik eti    Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Құс етінен өндірілген өнімді өткізуге тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шаралар енгізу туралы» 19.08.2015ж №3 қаулысы шығарылды.

Аталған қаулыға сәйкес Батыс-Қазақстан аумағында «Курников СҚК» ЖШҚ өндірілген (РФ, Саратов қ., Новоастраханск тас жолы, 75 үй, нақты мекен-жайы: Саратов облысы, Татищев ауданы, Латухино ауылынан 1,5км шығысқа қарай) «Хуторской» мұздатылған тартылған күркетауық еті өнімінің өткізілуі тоқтатылды.

Өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында алынған «Хуторской» тартылған күркетауық еті өнімінің сынамаларында патогенді микрофлора, мезофильді аэробты факультативті анаэробты микроорганизмдер санының артуы және өнімнің таңбалануы бойынша сәйкессіздігі анықталған.

Сынамалар «Алтын Алма» сауда базарында орналасқан «Хладоленд» ЖШС сауда орынынан (Орал.қ., Пойменная көшесі, 2/5),  «Атаба Орал» ЖШС «Атаба» супермаркетінен (Орал қ., Еуразия даңғылы, 101 «СитиЦентр» СОК орналасқан), ЖК Антипов С.В «Алтын» дүкенінен (Орал.қ., Шолохов көшесі, 20) сұрыптап алынған.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале