7.09.2015, 18:47
Оқылды: 28

Облысымыз қатерлі ісіктен 7-8 орындарда тұр

manshyk  Облыстық  денсаулық  сақтау  басқармасы басшысының орынбасары Мәншүк Аймурзиева денсаулық сақтау жүйесі туралы баяндады. Бірнеше нақты  шаралар қолға алынған. 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасының жобасы талқыланып, министрлікке 11 ұсыныс жолданған. Ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру мақсатында пациенттерді қолдау комиссиясы құрылған.

М. Аймурзиеваның  айтуынша, қатерлі ісіктен облыс 7-8 орындарда тұр. Бір жасқа дейінгі сәби өлімін төмендету жолға қойылған.  5 жасқа дейінгі бала өлімі тіркелуде. Ата-аналардың балаға дұрыс күтім көрсетпеуінен шетінеу бар» деді ол. Соңғы 7 айда туу көрсеткіші төмендепті. Жол апатынан зардап шегуші көп,  өзіне-өзі қол жұмсаудың 16 фактісі тіркелген.

Биыл облысқа 84 жас маман келіп, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету тетіктері жергілікті жерлерде іске асып жатыр. Мәншүк Құдайбергенқызы кемшіліктердің барын және ол кемшіліктер науқастар тарапынан наразылық бойынша туындап отырғанын айтты. Мәселені шешудің бір тетігі- пациенттерді қолдау комиссиясының құрылғаны. Енді кез келген тұрғын наразылығын аталмыш комиссияға келіп, айта алады.  Орынбасар сөз арасында дәрігерлердің де пациен терге ренішті екенін айтты. Соңғы 6 айда 5 фельдшер науқастар тарапынан таяқ жепті. «Бас жарылса, бөрік ішінде» дегендей, дау-дамайдан қашқан кей дәрігерлер тып-тыныш емделіп жатқан көрінеді...

  www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале