26.05.2016, 18:04
Оқылды: 23

Облыс əкімі жұмыссыздық мəселесін шешуге баса көңіл бөлу қажеттігін айтты.

Jastarr akim02   2015 жылы облыс бойынша жұмыспен қамту органдарына  21147 адам жолыққан, оның ішінде – 7425-сі жастар   (16-29 жастағы). Жолыққандардың ішінен 10637 адам жұмысқа орналасты, соның ішінде 4063-і - жастар санатында.

    Бұл туралы БҚО əкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басшысының орынбасары С. Хангереев айтты. 2016 жылдың 1 мамырында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны - 3184 адамды құрады, соның ішінде 774-і - жастар.


   Ағымдағы жылдың 4 айында жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1053 жас адам жұмыспен қамтылды, соның ішінде 335-ін "Жастар тəжірибесі" жобасы арқылы қолдау тапса, 78 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.

     Сонымен қатар, 623 жас қоғамдық жұмыстарға тартылды,  54  жас кәсіптік оқуға жіберілді.

    Облыс əкімі Алтай Көлгінов жастар арасында жұмыссыздық мəселесін шешуге баса көңіл бөлуді тапсырды, сонымен қатар облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызметтерін жандандыруды,  мемлекеттік органдармен ықпалдастығын арттыру керегін айтты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале