19.04.2016, 12:26
Оқылды: 21

Облыс басшысы Алтай Көлгінов кеңесте емханалар қызметін сынады

Akim Irmenov     Бүгін облыс əкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен өткен кеңес отырысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Қамидолла Ирменов өз қызметі шеңберінде баяндама жасады.


    Басқосуда облыс басшысы Алтай Сейдірұлы денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстарды қолдайтынын айта келіп, қалалық емханалар қызметін сынады.

     - Елбасымыз медициналық қызметтің сапасын арттыру керек екенін айтты. "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы аясында біраз жұмыс атқарылуда. Биыл Орал қаласында 310 орындық аурухана құрылысы жүргізіледі. Дегенмен денсаулық сақтау саласында біраз қордаланған мəселе бар. Жақында Орал қалалық емханаларды аралағанымды білесіздер. Емделушілер уəжінен тұрғындарға қызмет көрсету сапасы нашар екенін байқадым. Электронды түрде кезектің тəртібі сақталмайды. Кабинеттер санын көбейту керек. Медициналық кітапшаны тіркеу неге жүйеленбейді? Облыс орталығындағы денсаулық сақтау нысандары жағдайы мұндай, аудандардағы қандай?! Онда халыққа қызмет көрсету орталығында қолданылатын "Бір терезе" қызметін енгізейік. Қажетті қаражатты бөлейік. Екі-ақ дəрігер қызмет ететін кабинетте қырықтан астам кісі кезекте тұрады. Тұрғындар уақытында келмеген дəрігерді сарылып күтеді. Бұлай болмауы тиіс. Дəрігер емделушіні белгіленген уақытта қабылдауы керек. Емханаларда электронды көрсеткіш тақта орнатылсын, - деген облыс əкімі Алтай Көлгінов бір апта ішінде Қамидолла Ирменовке осы мəселені шешуді тапсырды.

     Онлайн селекторда өңір басшысы аудан əкімдеріне ауылдардағы денсаулық сақтау-емдеу мекемелерінің қызмет сапасын бақылауға алу керектігін қадап айтты.

www.zhaikpress.kz

Нұртай Текебаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале