18.11.2015, 16:18
Оқылды: 36

Облыс әкімдігінде жастар мәселелері талқыланды (ФОТО)

Akim03   Облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Облыс әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынға өңір басшысы Нұрлан Ноғаев төрағалық етті.

- Жастар - қай мемлекетте, қай салада болса да қоғамның белсенді мүшелері. Елбасымыздың тапсырмасы бойынша үкімет, жергілікті атқарушы органдар жастар саясатына қолдау білдіріп келеді. Өңірімізде 70 мыңнан аса жас бар. Олардың қоғамдағы түрлі оқиғаларға енжар қарамай, өз үлестерін, үндерін қоса алатынына күә болып жүрміз, - деді облыс әкімі кіріспе сөзінде.


Отырыстың күн тәртібінде бес түрлі мәселе қаралып, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Азамат Айтуев, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Кенесары Нұршинов, облыстық ішкі істер департаменті басшысының міндетін атқарушы Сағат Мәдиев, сондай-ақ, Теректі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Серік Нұрмағамбетов және Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Азамат Сафималиевтің тақырыпқа қатысты баяндамалары тыңдалды.

Akim04

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы өз саласында атқарылып жатқан істерді жан-жақты баяндай келіп, белгіленген жоспардың үдесінен шығып отырғанына қарамай, бүгінгі таңдағы жастар арасындағы дін ахуалы мен жұмыссыздық көпті толғандырар мәселеге айналып отырғанын айтты. Дін мәселесі, әсіресе, Сырым, Қаратөбе аудынының жастарына тән көрінеді. Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Кенесары Нұршинов өзі басқаратын орталықтың жұмыс сапасын тиісті деңгейге көтеру үшін кейбір ауылдық жерлерде штат санын өсіру және қажетті көлік мәселесін шешу керектігін алға тартты.

Akim06

Облыстық ішкі істер департаменті басшысының міндетін атқарушы Сағат Мәдиев өңір жастары арасында құқықбұзушылықтың азаймай отырғанын, соның ішінде өтпелі кезең жасындағылардың зиянды әрекеттерге жиі ұрынатынын айтып, олардың бос уақыттарын спорт және мәдени бағыттағы тағылымды шаралармен толтырып, отбасы тәрбиесін жандандыру керек деген ұсыныс жасады.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале