4.12.2015, 19:09
Оқылды: 33

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың төрағалығымен «Батыс Қазақстан облысының ың өзекті экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Arman karimyli    Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың төрағалығымен «Батыс Қазақстан облысының ың өзекті экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ұйымдастырылған шараға құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері табиғат қорғау прокуроры, басқарма басшылары, табиғат пайдаланушы кәсіпорын басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.


 

-        Бүгінгі кеңестің өту мақсаты облысымыздың өзекті экологиялық мәселелері және олардың шешу жолдарын табу, табиғат пайдаланушы мекемелердің тыныс-тіршілігімен танысу, пікірлер алмасу және экологиялық мәселелерді бірлесіп шешудің жолдарын қарастыру болып отыр. Қоғамдағы ғылым мен техниканың жетістіктері және шапшаң дамуы, табиғат қорларының қарқынды игерілуі, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратудың аздығы, қоршаған ортаны қалпына келтіру жұмыстарының бәсеңдігі және экологиялық мәдениеттің төмендігі көптеген мәселелер туындауының басты себебі болуда. Осындай адами факторлардың нәтижесі азнаған жел, ащы және улы жаңбырға, қоршаған ортаның әр түрлі улы қоспалармен ластануына әкеліп соқтырады. Экологиялық апаттардың алдын алуда елімізде бірқатар мемлекеттік салалық бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы, су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы, қалдықтарды реттеу жүйесін жаңарту бағдарламамалары соның дәлелі. Сонымен қатар қоршаған ортаны қалпына келтіруде көгалдандыру жұмыстарының орны ерекше. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Егер біздің азаматтарымыз өз елді мекендерінде, үйлерінің аулаларына, барлық қала және облыс орталықтарында жыл сайын ағаш отырғызатын болса, біз жасыл ел тұрғызамыз. Орман-қала өкпесі, бұл таза ауа, бұл климат, бұл аяздардан қорғаныш. Барлық қазақстандықтарды жыл сайын бір түп ағаштан отырғызуға шақырамын» деген болатын. Ендеше біздің өңірдің тұрғындарыда осы бастаманы қолдап, өңірімізді жасыл желекке айналдыруға үлкен көңіл бөлу керек,-деді Арман Өтеғұлов.

Дөңгелек үстелде баяндама жасаған БҚО табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Амангелді Дәулетжанов жыл ішіндегі атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттерге тоқталып өтті. Сондай-ақ бір қатар сала басшыларыныңда есептері тыңдалды.

Өзекті мәселе төңірегінде өткен дөңгелек үстелді қорытындылаған облыс басшысының бірінші орынбасар қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, бірқатар сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале