14.10.2016, 19:40
Оқылды: 13

Облыс әкімі аламаннан бірінші келген маңғыстаулыққа «Нива» автокөлігінің кілтін табыс етті

 alaman  Зеленов ауданының Трекин ауылында Батыс Қазақстан облысының ауылшаруашылық күніне орай дала қызықтары ұйымдастырылды. Облыс басшысы Алтай Көлгінов алдымен асыл тұқымды мал шаруашылығы мен жаңа ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесін аралап көрді.


Сәні мен салтанаты келіскен дала қызықтарына жиналған жұртшылықтың қарасы қалың болды. Одан әрі қазақтың делебесін қоздыратын «Топ бәйге», «Құнан бәйге» және арбадағы желіс аттары жарысы ұйымдастырылып шараның көркін қыздырды.

Аламан бәйгені тамашалаған облыс әкімі Алтай Сейдірұлы аламаннан бірінші келген маңғыстаулық «Джекпот» атты жиреннің иесі Бекқали Абдіғалиевке «Нива» автокөлігінің кілтін табыс етті.

Әрбір аудандардың ақшанқан киіз үйлері даланың сәніне айналып, жастар жағы алтыбақан тепті. Аталмыш шара барысында концерттік бағдарламаға ұласып, қазақ күресі, теңге алу және аударыспақ сияқты ұлттық ойындардан білекті жігіттеріміз өз өнерлерін ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале