12.04.2016, 12:35
Оқылды: 21

Облыс әкімі Алтай Көлгінов «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының облысымызда іске асу бағытында брифинг өткізуде

  Screenshot_2016-04-12-12-28-40-1   Дәл қазір БҚО әкімі Алтай Көлгінов Елбасы қойған реформалар, «100 нақты қадам» облысымызда орындалуы бағытында ҚОКҚ БҚО филиалында брифинг өткізуде.

     Шараға республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысуда.

     Облыс әкімі Алтай Көлгінов Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы, билік органдарының кәсібилігін арттыру, мемлекеттік қызметке қабылдау, қызмет барысында лауазымын жоғарылату тәртібіне арналғанын, осы мақсатта былтыр «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ» заңына өзгерістер енгізілгенін айтты.


     Нәтижесінде, меритократия, ашықтық, әдептілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі жұмыс істей бастаған.

     Енді мемлекеттік қызметшілер үшін мансаптық өсу тек конкурс негізінде жүзеге асырылады. Жоғары тұрған лауазымға орналасу үшін міндетті түрде төменгі лауазымдарда жұмыс істеу қажет болады.

     Жыл басынан бері өңірімізде 6 маман (2015 жылы жалпы 37 маман)  жаңа талаптарға сәйкес жұмысқа қабылданған.

     Екінші бағыт бойынша, өңірімізде жыл басынан бері жергілікті полиция тарапынан 34 мыңдай әкімшілік құқық бұзушылықтың, 754 тұрмыстық зорлық зомбылықтың  жолы кесілген.

     Учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар тұрғындардан келіп түскен 8 мың жарымдай арыз-шағымды қарап тиісті шара қабылдады. Қоғамдық тәртіпті бұзған 1373 көше бұзақысы анықталды. 92 млн. теңге көлемінде төленбеген әкімшілік айыппұл бюджетке тапсырылған.

     Жергілікті полиция құрылғаннан бері тұрғындармен 155 кездесу өткізілді. Оның 24-і Орал қаласында, қалғаны аудандардағы елді мекендерде. Жергілікті полиция кездесулердегі қоғамдық тәртіп, тазалық, базар айналысындағы заңсыз сауда, ауылдық жерлерде мал ұрлығы мен бұзақылыққа қатысты ұсыныстарға сәйкес, құқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидаты бойынша жұмыстануда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале