8.02.2016, 15:42
Оқылды: 17

Облыс әкімі Қаратөбе ауданы орталығындағы шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты

????????????????????????????????????

 Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев іссапармен Қаратөбе ауданына келді. Алдымен облыс әкімі Н.Ноғаев аудан орталығында жаңадан салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты.


Жалпы көлемі 5600 шаршы метрді құрайтын кешен 160 орынға лайықталған. Ғимарат медициналық, әдістемелік кабинеттерге қоса, ауыр атлетика, күрес залдары және спортзал т.б кабинеттерді қамтиды.

Кешенде жаттығатын 312 оқушыға 9 жаттықтырушы дәріс береді. Олардың 7-еуі жоғары білімді, 2-еуі арнаулы орта білімді педагог-мамандар.

Айта кету керек, жергілікті тұрғындардың бұқаралық спортпен шұғылдануы мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда аталмыш кешеннің маңызы зор.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале