8.10.2015, 15:10
Оқылды: 32

Облыс әкімі қоғам қайраткерін қабылдады

Dos-Koshim 321    Облысымызға іссапармен келген белгілі саясаткер, қоғам қайраткері, «Парыз» пікірталас клубы жетекшісінің орынбасары Дос Көшімді өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қабылдады.

Күні бүгін қазақстандық бірегейлікті нығайту мақсатында шығармашылық, ғылыми, саяси интеллигенцияның интеллектуалдық әлеуетін молынан пайдаланудың мәні зор. Облыс әкімінің қабылдауынан кейін саясаткер өзінің Оралға келу мақсатын қысқаша әңгімелеп берді.

-Қазақтың ұлт зиялыларымен кездесу, оларды саяси-идеологиялық мәселелерге тарту  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолға алған жобалардың бірі. Жасыратыны жоқ, зиялылар мәдени-рухани қырынан көп танылады да, саяси сұрақтарда шабандап, қашқақтап жүреді. Дегенмен, қанша ренжісек те, көңіліміз толмаса да зиялының аты зиялы. Халық оны тыңдайды. Сондықтан, олардың ақылын, тәжірибесін, білім-білігін пайдалануымыз керек. Біз осы жолы әр облыста түрлі бағыттарда жұмыс істедік. Мысалы, Петропавлда ұлттық біртектілік мәселесін талқыласақ, Қызылорда ұлт мәселесі әңгіме мәйегіне айналды. Ал Оралда ұлт зиялыларының Қазақстандағы тұрақтылық пен келісімді сақтау жайына баса мән беріп отырмыз – деді Дос Көшім.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале