10.06.2016, 12:19
Оқылды: 27

ОЛАРДА ЕШҚАНДАЙ ҰЛТТЫҚ ТА ДІНИ СЕНІМ ДЕ ЖОҚ

kaztalov dongelek ustel  9 маусым күні Қазталов аудандық ішкі саясат бөлімі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес – баршаның міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.


  Дөңгелек үстел басында сөз алған аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасының  бірінші орынбасары Марат Тоясов:

  -Барша қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылық саналатын тәуелсіздік, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім, еліміздің өсіп-өркендеуі мен гүлденуіне бағытталған саясатының берік іргетасы екендігін әрқашан ұмытпауымыз керек,- десе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев:

   -Лаңкес жасайтындарда ешқашан ұлттық та, діни сенім де болмаған. Олар өздерінің қанды әрекеттерін жалған діни ұрандармен ақтағысы келеді. Сондықтан мұндай дінімізге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын әрекеттерді батыл айыптауымыз қажет,- деді.

   Сондай-ақ еңбек ардагері Теміртай Нұғманов, аудандық мәслихат депутаты Гүлфия Көшбаева жастардың теріс ағымдарға ілеспеуі үшін оларды неғұрлым жұмысқа тарту, бос уақыттарын тиімді өткізу қажеттігіне тоқталып өтті.

www.zhaikpress.kz
Гауhар ҚҰРМАНҒАЗИЕВА

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале