28.05.2015, 18:20
Оқылды: 50

Онамастика және көрнекі ақпарат мәселелері талқыланды

Onomastika01Қаламыздағы салтанат сарайында «Онамастика және көрнекі ақпарат мәселелері»   және Онамастика саласындағы нормативтік – құқықтық актілерді реттеу» атты  республикалық дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық – саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Серік Сәлемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Үкіметі жанындағы республикалық онамастика комиссиясының мүшесі Жабал Ерғалиев, абайтанушы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Гуманитарлық ғылымдар институтының директоры, ф.ғ.д. профессор, академик Мекемтас Мырзахметұлы бастаған  тіл жанашырлары мен зиялы қауым өкілдері  қатысты. Дөңгелек отырыста алғашқылардың бірі болып сөз алған   облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар онамастикалық бағыттағы өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Мәселен көше атауларын өзгертуге қатысты облыстық онамастика комиссиясына 1237 ұсыныс түсіп, оның 730-ы оң шешім тапқан. Тіл жанашырлары бас қосқан келелі кеңесте өрелі ойлар мен өткір пікірлер, тың ұсыныстар айтылды. Көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі өріп жүрген қателер, олақ аудармалар, сөздік қолданыстағы кемшіліктер көпшілік назарына ұсынылды. Қазіргі кезде сыртқы жарнама мен мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттардың жүйелі сипат алмауы тіл жанашырларын жиі алаңдатып жүрген көкейтесті мәселенің бірі. Осы тұрғыда ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Үкіметі жанындағы республикалық онамастика комиссиясының мүшесі Жабал Ерғалиев, мемлекеттік тілдің маңызын арттыратын түрлі жарнамалар мен роликтердің орны ерекше екенін атап өтті. Ал Абайтанушы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Гуманитарлық ғылымдар институтының директоры, ф.ғ.д. профессор, академик Мекемтас Мырзахметұлы онамастика мен көрнекі ақпарат мәселесінің өткір қойылғанып атап өтіп, санамыз санға бөлінбей, ұлттық идеологиядан алшақтамағанда ғана ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттай аламыз деген пікір айтты. Тіл тағдыры талқыға түскен жиында онамастика саласындағы нормативтік-құқықтық мәселелерді реттеу қажеттігі де айтылды.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале