29.08.2016, 11:08
Оқылды: 36

Оралда Батыс өңірінің үздік жүргізушілері анықталды.

          Орал шаһарындағы 5517 әскери бөлімінде   «Батыс»  өңірлік қолбасшылығының «Үздік жүргізушісі» мен «Үздік БТР экипажы» байқау-конкурсының екінші кезеңі мәреге жетті.


Екі  күндік  сайысқа Орал, Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Жаңаөзен қалаларында орналасқан әскери бөлімдерден келген үздік мамандар қатысты.

«Батыс» өңірлік қолбасшысының техника және қару-жарақ орынбасары, подполковник  Виктор Мухатаевтің атап өткеніндей, елімізде 2012 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан мұндай байқау-жиын кәсіби жағынан  мойны озық, шебер жүргізушілер мен БТР экипаждарының мүшелерін анықтауға, олардың шеберлігін шыңдауға септеседі.

????????????????????????????????????

Сайыс барысында әсіресе, «Үздік БТР экипажы» жарысы қызықты да тартысты болды. Үздік жүргізушілер мен экипаж мүшелері автоброньді техника мен қару-жарақтың материалдық бөлігінен, жол қозғалысы ережелерінен сынақтар тапсырды. Автомат пен тапаншадан мергендіктерін сынаса, автокөлік ақауын тауып жөндеп, жалаушалармен белгі беру жайында шеберліктерін танытты.

Бұл күні нағыз Оралға тән ауа-райы болды. Қала сыртынан соққан жел нағыз топырақты дауылға айналды. Жасанды үйіндіден оп-оңай өткен БТР-лар топырақтан көрінбей қалды. Алайда әскерилер ауа-райын еш елемеді, олар мұны «табиғи құбылыс» деп атайды: автодромда «Көк тудың желбірегені» және « Елдің қорғаны» әнімен  әскери техниканың мүмкіндіктері көрсетілді.

Байқаудың  қорытындысы бойынша «Үздік жүргізушісі», мен «Үздік БТР экипажы» номинациялары бойынша  жеңімпаздар  анықталды. Сөйтіп,  «Батыс» өңірліқ қолбашылығының Үздік БТР экипажы» болып  3502 әскери бөлімінің (Ақтау) экипажы танылды. Оның құрамында  экипаж командирі  кіші сержант Бауржан Арынов, жүргізуші–механик  кіші сержант  Талғат  Мұсаев  және нысанашы  қатардағы жауынгер Жандос Тәтіменов болды. Екінші орынды 6655 әскери бөлімінің (Ақтөбе) экипажының иесіне тиді. Оның құрамында экипаж командирі  аға  сержант  Ерболат Молдагереев, жүргізуші–механик аға сержант Ерлан Кадиев және нысанашы  қатардағы жауынгер  Жанболат Досбаев.  Құрметті үшінші  орынды 5517 әскери бөлімінің (Орал) экипажының қанжағасына бұйырды. Оның құрамында экипаж командирі аға  сержант   Асылбек Төреғалиев, жүргізуші–механик Мұхтар Әйтбаев және нысанашы  қатардағы жауынгер Берік Мұқашев бар.

????????????????????????????????????

Ал «Батыс» өңірліқ қолбашылығының Үздік жүргізушісі» номинациясында 6655 әскери бөлімінен  (Ақтөбе) аға сержант Есен Қадиев жеңімпаз атанды. Екінші  орынды 3502 әскери бөлімінен  (Ақтау ) аға сержант  Еркін Айтпенбетов иеленді. Үшінші орынға 6656 әскери бөлімінен  (Ақтау)  старшина  Ғани Жұмадиллаев қол жеткізді

Шара соңында«Батыс»өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы генерал-майор Кайрат Ақтанов, байқау-конкурсының жеңімпаздарын «Батыс» өңірліқ қолбашылығының қолбасшысының атынан  кубок, дипломдармен және де бағалы сыйлықтармен марапаттады.

 

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале