22.06.2016, 18:22
Оқылды: 18

Оралда кәріздік сорғы стансасында екі адам қаза тапты

kariz juiesiБүгін «Батыс су арнасы» ЖШС-на қарасты кәріздік сорғы стансасында оқыс оқиға болып, осында шебер болып жұмыс жасаған 1967 жылғы Серік Сәуменов пен 1975 жылғы слесарь Нариман Есмұханов көз жұмды.


 

Алдын ала мәліметке қарағанда, слесарьлар бригадасы стансада тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан. Аталған жұмысшылар соның алдында ғана, 21 маусым күні ауыстырылған кран-балканы жалғау үшін кәріз құдығына түсіп, содан шықпай қалған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

ФОТО: mgorod.kz

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале