28.03.2016, 10:03
Оқылды: 30

Оралда М.Ықсановтың 90 жылдығына орай ардагерлер арасындағы турнир мәреге жетті

???

  Орал қаласындағы «Арман» спорт кешенінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахым Ықсановтың 90 жылдығына орай волейболдан ардагерлер арасында қалааралық дәстүрлі турнир мәреге жетті.

Жарыс қорытындысында БҚО құрамасы жеңімпаз атанса, атыраулықтар екінші, маңғыстаулықтар үшінші орынды еншіледі. Аудандар бойынша Ақжайық, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандары жүлделі орындарды бөлісті.


Жекелеген волейболшылардан ақтөбелік Амангелді Сүйінтаев «Үздік қорғаушы», маңғыстаулық Бақадыр Қанназаров «Үздік шабуылшы», БҚО құрамасынан Қамбар Сәлімов «Үздік байланыстырушы», Ақжайық ауданынан Талғат Әділов «Үздік тосқауыл қоюшы», жәнібектік Тельман Ғұсманов «Турнир ақсақалы» аталымымен марапатталды. Сонымен қатар М.Ықсанов атындағы қоғамдық қордың атынан ерекше көзге түскен ойыншылар аталып өтілді.

Жеңімпаз-жүлдегерлерге дипломдар мен кубоктар, ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

М.Ықсанов атындағы қордың төрағасы Асқар Атаевтың айтуынша, аталмыш жарыс 2006 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл тоғызыншы рет өткізіліп отыр.

Айта кетейік, Мұстахым Біләлұлы Ықсанов (1926-1991) республика көлемінде басшылық қызметтер атқарды. Соның ішінде 1963-1971 жылдары Қызылорда, Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары болса, 1971-1975 жылдары Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің хатшысы қызметін атқарды. 1975-1986 жылдары Батыс Қазақстан облысына басшылық етіп, өңірдің өркендеп, түрлі саласының алға басуына сүбелі үлесін қосты. Әсіресе, Орал қаласында көптеген ғимараттар мен жолдар салынып, көрнекті шаһарға айналды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале